Қазақстандық аграршылар ЭкоНива-Семена компаниясынан 2019 жылы 6 мың тонна тұқым алды
AgriTek/FarmTek Astana 2020 XV халықаралық мамандандырылған ауыл шаруашылығы көрмесінде «ЭкоНива-Семена» (РФ) компаниясы өз өнімдерін ұсынды. Аталған компания ҚР нарығында тұқым сатудан негізгі жеткізуші болып табылады. 2019 жылы компания республикаға 6 мың тонна тұқым жеткізген.
«Біз Ресейде тұқым өндіру бойынша жетекші орында тұрмыз - жылына 50 мың тоннаға жуық өнім шығарамыз. Бізде күздік бидай мен сояның жеке селекциясы бар. Беларусь, Өзбекстан, Әзірбайжан, Африкамен жұмыс істейміз. Қазақстанмен 5 жылдан бері ынтымақтастықта жұмыс істеп келеміз. Біздің қорымызда Ресей, Еуропа және Солтүстік Американың жетекші селекциялық орталықтары ұсынатын 70 - ке жуық тұқым түрлері бар», — деді ЭкоНива-Семена» компаниясының атқарушы директоры Евгений Кучерявенко.
Сонымен қатар көрмеде отандық тұқым шаруашылығы өнімдері қойылды. Атап айтсақ, «Опытное хозяйство масличных культур» компаниясы 2020 жылы егіс үшін 10-15 мың тонна сапалы тұқым сатуды жоспарлап отыр.
Айта кетсек, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 30 қаңтардағы ақпарат бойынша 2020 жылғы егіс үшін 2,5 млн тонна тұқым немесе жоспар бойынша себілетін тұқымның 99,7% - ы дайындалып қойылған.