Петропавлдағы CLAAS зауытының құрылысы маусым айында аяқталады
Петропавл қаласында CLAAS неміс концернінің өкілідерімен бірге ауыл шаруашылық техникасын шығаратын зауыттың құрылысына тексеру жүргізілуде. Барлық жұмыстарды ағымдағы жылдың маусым айында аяқтау жоспарланған. Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов хабарлады.
«Қазір ауыл шаруашылық техникаларын құрастыратын кәсіпорын тұратын ғимаратты жөндеу жұмыстары өтіп жатыр. Бүгін біз CLAAS компаниясының жоба үйлестірушісі Вальдемар Прибпен бірге жұмыс барысын тексердік. Ол мұнда бір апта бойы болды, жобалаушылар мен құрылысшылардың жұмысын ұйымдастырды», - деп жазды аймақ басшысы.
Тақырыпқа байланысты оқу: ҚР-да агрокәсіпорындарға арналған Valley жүйесі құрастырылатын болады
Аталған зауытта 100 шақты тұрақты жұмыс орнын ашылады. Қазіргі кезде неміс концерні мамандарды іріктеу және оқытумен айналысуда.
Құмар Ақсақалов атап өткендей, СҚО-да орналасқан зауыт ауыл шаруашылық техникасын шығарудағы әлемдегі көшбасшы сегізінші зауытқа айналады. Қалған жетеуі Германия, Франция, АҚШ, Қытай, Ресей, Венгрия және Өзбекстанда орналасқан.
«Бұл облысымыз бен бүкіл ел үшін өте маңызды жоба. Біздің өңір жоғары рентабельді әлемдік деңгейдегі техниканы шығаратын болады. Біз CLAAS комбайндары мен тракторларын және Horsch тұқым себу кешендерін шығарамыз, олар нарықтағы бағадан 50% -ға арзан болады. Біздің фермерлер қол жетімді бағамен бұл техникаларды сатып алып, жұмыстарын жандандыра алады », - деп қорытындылады Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда CLAAS комбайндарын биылдан бастап іске қосу жоспарланып отыр. Жергілікті орында құрастыру үшін ҚР-да ең сұранысқа ие модельдер таңдалып алынады, олар: XERION тракторлары, TUCANO комбайндары, HORSCH тұқым сепкіштері.