Көкшетауда ТМД-дағы ең ірі John Deere сервис орталығы ашылды
Eurasia Group Kazakhstan компаниясы Көкшетауда ТМД-дағы ауыл шаруашылығы техникасын сату және қызмет көрсету бойынша ірі сервистік орталық ашты. Мұнда John Deere техникасын жөндеу бойынша толықтай қызмет түрлері көрсетіледі. Бұл туралы Ақмола облысының ішкі саясат басқармасынан хабарлады.
Заманауи техникалық құралдары бар бұл сервистік орталықта ауыл шаруашылығы саласының қазіргі заманғы талаптары мен үрдістеріне сай келетін жабдықтар бар: Қазақстан бойынша қосалқы бөлшектерді үздіксіз жеткізеді, күрделі жөндеу жүргізіп, бұзылған техниканы қалпына келтіреді. Сондай-ақ, мұнда фермерлер мен жас мамандарды ауыл шаруашылығындағы жаңа технологияларды игеруге оқыту жүргізіледі.
Аталған орталықтың ашылу салтанатына Германияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Тило Клиннер мен ҚР ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров қатысты. Қонақтарды облыс әкімі Ермек Маржықпаев қарсы алды.
«Сервистік орталық салу үшін біздің облыс орталығымыз бекерден бекер таңдалған жоқ. Логистика тұрғысынан алғанда Көкшетау қаласы елдің солтүстік өңіріндегі ірі қалалардан алыс, сондай-ақ елордаға жақын орналасқан. Жаңа нысан бүкіл экономикаға мультипликативті әсері бар аграрлық сектордың дамуына серпін береді», - деп мәлімдеді аймақ басшысы.
Тақырыпқа байланысты оқу: Жаңбыр және егіс күні
Сервис орталығының аумағында сондай-ақ оқу сыныптары бар және ауыл шаруашылығы техникасын күрделі жөндейтін жабдықтар мен агрегат шеберханасы орналасқан, ауыл шаруашылығындағы процестерді цифрландыру және автоматтандыру, нөлдік технологиялар, ирригация және көкөніс шаруашылығы бойынша оқыту орталығы, техникаға арналған жабық және ашық көрме алаңдары, машиналардың тест-драйвына арналған алаң, бұрын қолданылған техникаға арналған аумақ және ашық қоймалар керек.
Жобаның жалпы құны 2,6 млрд теңгені құрады, нысанда 130 жұмыс орны ашылды.
Қазіргі таңда Ақмола облысында John Deere маркалы ауыл шаруашылығы техника паркінде 428 трактор, 590 комбайн және 370 егіс кешені бар.