25 апреля 2020 Ауылшаруашылық техникалары

Ауыл шаруашылық техникасы Қазақстан жағдайына бейімделіп жасалды

Биылғы жылы Қазақстан аграршылары үшін жаңа техниканың  түрі  қолжетімді болды.  Өзі жүретін HORSCH Leeb 6.280 PT бүріккішін CT AGRO компаниясы сатады. Аталған кәсіпорынның  Республика аймағында  техника сататын 13 филиалы бар.

Бұл машинаның бір  артықшылығы Қазақстанның қатаң табиғи-климаттық жағдайына бейімделген, сонымен қатар дилердің айтуынша, техника инновациялық құрылғылармен жабдықталған.

Бұл техникада штанганы қозғалтып, 40 см биіктікке дейін жылжытуға мүмкіндік бар. Бұл құрылғылар  қатты жел мен жоғары температураның әсерінен сақтап, өсімдіктерді қорғайтын қымбат тұратын құралдарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Бұған дейін қолданылған агрегаттармен салыстырғанда бұл техника агрохимияны  30%-ға дейін үнемдейді. Сонымен қатар, BoomControl  штангасы бар автоматты жүйе орталық секцияның айналуымен бірге  қанаттарды параллель түрде иу тәсілі арқылы алқаптың микрорельефін көшіреді.

Leeb PT бүріккіштері еуропа нарығында кеңінен қолданылады, шетелдік аграршылар  CT AGRO-ның  сапасы жақсы деп бағалауда.

— Биылғы маусымда бұл машиналардың жұмысын Қазақстан шаруашылықтарында қалай жұмыс істейтіндігін айтып, көрсетуге болады — деді компания менеджері Нұржан Нұрмағанов. — Біздің өңірдегі қызметкерлеріміз техниканы  демонстрация жасап көрсетуге дайын.

Дилерлер аталған техниканы ірі және орта шаруашылықтарға сатып алуға ұсынады.  Бұл құрылғының полимерден жасалған  үлкен 6000 л багы  бар, онымен үлкен алқаптарда еркін жұмыс істеуге болады.