ҚР-да кәдеге жарату алымын қайта қарауға кірісті
Қазақстанда ҚР Президентінің тапсырмасынан кейін отандық автомобильдер мен ауыл шаруашылығы техникасын сатып алушыларға кәдеге жарату алымы есебінен ваучерлер ұсыну мәселесін қарастырумен кәдеге жарату алымының мөлшерлемелерін қайта қарау бойынша жұмыс басталды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров үкімет отырысында мәлімдеді.
"2022 жылдың 1 ақпанына дейін басталған салықтық және кедендік тексерулерді тоқтата тұру және кейінге қалдыру, кәдеге жарату алымының мөлшерлемелері мен тәсілдерін қайта қарау жоспарлануда", - деді ол.
Бұған дейін экология министрі Серікқали Брекешев хабарлағандай, ҚР-да жеке мемлекеттік оператор немесе өндірісті дамыту қоры базасында алымды әкімшілендірумен айналысатын оператор құру жоспарлануда.
Осы уақытқа дейін кәдеге жарату алымы мәселелерімен ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы қаулысымен құрылған "Оператор РОП" ЖШС айналысты. 2016-2022 жылғы 1 қаңтар аралығында кәдеге жарату төлемі түрінде түскен ақша қаражатының көлемі 691,9 млрд теңгені құрады. Бүгінгі таңда қаражат қалдығы 2-деңгейлі банктерде жатыр және 220,6 млрд теңгені құрайды.
Тақырып бойынша оқу: СҚО аграршылары комбайн сатып алуға 50 млн теңге үнемдей алады
Сонымен қатар, аграршылар ауыл шаруашылығы техникасына кәдеге жарату алымын толық алып тастау қажет деп санайды.
"Егер елде пайдаланудан шыққан ауыл шаруашылығы техникасын кәдеге жарату бойынша кәсіпорындар жұмыс істейтін болса, онда фермерге жаңа ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға жеңілдік сертификаттарын ұсыну есебінен оны металға емес, соларға тапсыру тиімді болуы тиіс", - делінген Қазақстанның АӨК қауымдастықтары Альянсының үндеуінде.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қаңтарда "ӨКМ Операторының" кәдеге жарату алымын жоюды, бұл функцияны мемлекеттік органдарға беруді, сондай-ақ төлем мөлшерін азайтуды тапсырған болатын.