12 марта 2020 Маңызды жаңалықтар

Казахстанским аграриям сложно строить бизнес из-за нестабильности — Тайжанов

Қазақстанның ауыл шаруашылығында бизнесті дамытуға арналған ұзақ мерзімді стратегия жасау қиындау, себебі аталған саланың тұрақсыздығы мен басқа да бірқатар қолайсыз факторлар кедергі келтіреді.

Мұндай пікірді «Оптисорт» кәсіпорнының директоры Ерлан Тайжанов  AgriTek/FarmTek Astana 2020 XV Халықаралық мамандандырылған ауыл шаруашылық көрмесінің жұмысы барысында айтты.

Ерлан Тайжанов Қазақстанның аграрлық нарығындағы жұмыс жағдай өте жиі өзгереді, сондықтан да алдағы уақытта қандай өзгерістер болатынын болжап айту қиын деді. Сол себепті агробизнесті дамыту оңай шаруа емес.

Сонымен қатар, аграрлық салада мемлекеттің көмегімен шешілуі керек көптеген мәселелер бар.

«Мысалы, бізде жаңа жабдықтардың бағасы арзан емес,  ал бұрынғы құрылғылар тозған. Атап айтсақ, республикамыздағы элеваторлардың тозғандығы 50% - дан асады. КСРО  кезінен қалған элеваторлар да қолданылады. Сондықтан да астықты өңдей алмаймыз, яғни біз бидайды өңделмеген түрінде  сатуға мәжбүрміз. Ал егер оны өңдеуден өткізсек, оның бағасы жоғары болып, жақсы табыс табуға болар еді: бұл жай ғана астық немесе ұн сатудан 5-6 есе тиімді", — деп атап өтті Ерлан Тайжанов.  

ҚР-да терең өңдеу стратегиясын алға ілгерілету, дамыту  мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады, деп санайды "Оптисорт" директоры.

«Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін комбинаттардың жұмыс істеуі үшін мүмкіндіктер жасау мемлекеттің міндеті», - деді Ерлан Тайжанов.