Арқалықта элеватор және диірмен салынады
2020 жылы Қостанай облысы Арқалық өңірінде жаңадан элеватор және диірмен салыну ісі жоспарланып отыр, деп жазды «КазахЗерно.kz».
Компания «Село Восточное» компаниясы Арқалықта көлемі 20 мың т элеватор және қуаты 75 т диірмен салады. Жобаның жалпы құны 1,1 млрд теңгені құрайды. Сонымен қатар 90 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
Қазіргі уақытта жабдықтарды жеткізу туралы түрік компаниясымен шарт жасалды. Құрылыс маусым айына жоспарланған, 2020 жылдың қыркүйек айында іске қосылады.
Арқалық қаласының әкімі Қайрат Әбішевтің айтуынша, 2019 жылы «Село Восточное» компаниясының құрылтайшысы ауысқан. Барлық мамандар мен жұмысшылар өз орындарын сақтап қалды, сонымен қатар әлеуметтік және өндірістік нысандар да сол қалпында қалатын болады.
Жергілікті жердің құрғақ ауа райына қарамастан, 2019 жылы осы кәсіпорындағы өнімділік 9 ц/га құрады - бұл аудандық орташа көрсеткіштен 1,5 ц/га жоғары. Аталған шаруашылық алдағы уақытта ауыл шаруашылығы дақылдарын өндіруді ұлғайтуды жоспарлап отыр.