08:00 Астық

Қазақстандағы астық қоры 19,9 млн тоннадан асады

Қазақстанда 2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша дәнді және бұршақ дақылдарының қоры 19 млн 939 мың тонна көлемінде есептелді, оның ішінде бидай – 15 млн 609 мың тоннадан астам. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Астықтың жалпы көлемінен азықтық астық қоры 16 млн 867 мың тоннаны, тұқым – 764 мың тоннаны және жемдік астық - 2 млн 307 мың тоннаны құрады.

Қоймаларда 14 млн 272 мың тоннадан астам азықтық бидай, тұқым қорында 539 мың тоннадан астам, ал жемдік астық 797,9 мың тоннадан астам болды.

Статведомствоның мәліметінше, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қоймаларда 9 млн 218 мың тоннаға жуық астық, элеваторларда 4 млн 638 мың тонна, шаруа қожалықтарында 4 млн тонна, көтерме саудада 185 мың тоннадан астам, органикалық химия өндірушілерде 10,8 мың тоннадан астам, жемшөп өндірушілерде 76,8 мың тоннадан астам астық сақталған. 1 млн 424 мың тоннадан астам ұн тартатын кәсіпорындарға, 291,5 мың тоннадан астам басқа заңды тұлғаларға тиесілі.

Айдың басында арпа қоры 2 млн 647 мың тоннадан асты: 1 млн 375 мың тонна – азықтық, 147 мың тонна – тұқым және 1 млн 125 мың тонна – жемдік.

Сонымен қатар, Қазақстан бойынша жүгері қоры 239,6 мың тоннаны, күріш – 353 мың тоннаны, қара бидай – 24 мың тоннаны, сұлы – 226 мың тоннаны, қарақұмық – 41 мың тоннаны құрады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда астық жинау жұмыстары аяқталуда. Деректер бойынша 13 қазанға 15,1 млн га немесе дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың жалпы көлемінің 94,1% жиналды. 24,6 млн тонна астық бастырылды.