ҚазАгро төтенше жағдай кезінде несие төлемдерін кейінге қалдыруды ұсынды
Коронавирусқа байланысты төтенше жағдайдың енгізілуінен «КазАгро» холдингінің еншілес компанияларына 2020 жылдың 16 наурызына дейін алған қарыздарының немесе лизингтерінің төлемдерін кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады.
Холдингтің баспасөз қызметі хабарлағандай еншілес кәсіпорындар, атап айтқанда «Аграрлық несие корпорациясы», «КазАгроФинанс» және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» несие алған жоғарыда аталғандар үшін төтенше жағдай кезінде төлем жасауды кейінге қалдырып отыр.
Қарыз алушылар төтенше жағдайдың енгізілуінен ақша төлеуді кейінге қалдыру үшін, қаржылық жағдайын растайтын құжатты тапсырып, еркін түрдегі өтініш жазулары керек. Аталған өтініш тікелей немесе қашықтықтан 2020жылдың 15 маусымына дейін қабылданады.
Қарызды төлеудің мерзімін кейінге қалдыру жеке кәсіпкерлерге, шағын және орта бизнес өкілдеріне 90 күнтізбелік күнге дейін созып төлеуге (оның ішінде сыйақы және негізгі борыш бар) 2020 жылдың 16 наурызынан 2020 жылдың 15 маусымына дейінгі уақытқа рұқсат береді. Қарыздар бойынша төлем төлеуді кешіктірген кезде, сондай-ақ төтенше жағдайды енгізу себебінен туындаған ерекше шарттарды орындамағаны үшін (қарыз алушылардан тиісті өтініш түссе) рұқсат берілген кейінге төлеуді қолдану мерзіміне тұрақсыздық үшін ауыппұл (айыппұл немесе өсім) есептелмейді.
Қарыз алушылардың осы төтенше жағдайға байланысты қаржылық жағдайдың нашарлауы және ақша төлей алмау туралы несиені кейін төлеу жөніндегі өтініштері кезек бойынша қаралатын болады.