19 июля 2022
Астық
Қазақстанда бидайдың "орташа" өнімі күтілуде
Биыл жаздық бидай өнімділігі Қазақстанның солтүстігінде шамамен орташа көп жылдық мәндерге жуық күтіледі. Бұл туралы Қазгидромет болжамында айтылған.
Алдын-ала есептелген мәліметтерге сәйкес, өнімділік орташа көпжылдық мәндерге жуық және одан жоғары келесі өңірлерде болады деп болжанады:
- Қостанай облысының Денисов, Қамысты, Қарабалық және Федоров аудандарында.
- Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың, Жамбыл, Қызылжар және Мамлют аудандарында.
- Ақмола облысы Сандықтау ауданында.
Павлодар және Қарағанды облыстарында өнімділік орташа көп жылдық мәнге жуық болады деп күтілуде.
Нормадан жоғары өнім келесі өңірлерде күтілуде:
- Алтайда және Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында
- Мұғалжар ауданын қоспағанда, Ақтөбе облысында.
- Батыс Қазақстан облысында, Бәйтерек және Сырым аудандарын қоспағанда
Өнімділіктің соңғы болжамы тамыз айының басында жасалады.
Өнімнің алдын-ала болжамы АgroData фермеріне арналған қосымшада қол жетімді.