Қазақстанда отандық селекцияның тұқымы арзандайды
Азық-түлік астығына бағаның төмендеуі тұқым материалының құнын төмендетуге әкеледі. Бұл туралы ElDala.kz порталына Қарабалық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясының басқарма төрағасы Дамир Қалдыбаев айтып берді. Ол Қостанай облысында жұмыс істейді, жыл сайын еліміздің солтүстік және орталық өңірлерінің фермерлеріне 4-тен 6 мың тоннаға дейін өзіндік селекция сұрыптарының жоғары сапалы тұқымдарын сатады. Мысалы, соңғы жылдары "Айна" сұрыпы жоғары сұранысқа ие: егер 2021 жылы ол 130 мың га алқапқа егілген болса, 2022 жылы – 300 мың га.
Танымалдықтың себебі - сұрыптың параметрлері (жоғары өнімділік, икемділік, саңырауқұлақ ауруларына төзімділік) және станцияның икемді баға саясаты.
- Тұқым бағасын біз тауарлы бидайдың құнынан есептейміз, өйткені фермердің біздің өнімді сатып алу үшін материалдық ресурстары болуы тиіс екенін түсінеміз, - деді Дамир Қалдыбаев. – Қазір тауарлық бидайдың бағасы төмендеді, әрине, біз тұқымның бағасын да төмендетеміз. Менің ойымша, тауарлы астықтың бағасы шамамен 120 мың теңге/тонна болса, "Айна" тоннасын біз 170-180 мың теңгеден сататын боламыз.
Өткен маусымда суперэлит класындағы "Айна" тұқымының бағасы тоннасына 250 мың теңге, элита класында – 220 мың теңге болды.
Айта кетейік, Қазақстанда жоғары сапалы тұқым сатып алуды субсидиялау жүйесі жұмыс істейді: фермер мемлекеттен олардың құнының 70% - на дейін өтемақы алады.
Қарабалық АШТС-да ағымдағы жылдың егіні туралы толығырақ АгроКеруеннен алынған репортаждан оқыңыздар:
Қазақстан селекционерлері еуропалық гендермен қалай жұмыс істейді. АгроКеруен Егін 2022, 12-ші күн