Бараев атындағы АШҒӨО бұршақ пен жасымықтың перспективалы сұрыптарын жинады
Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының дәнді-бұршақты және майлы дақылдарды іріктеу зертханасы бұршақ пен жасымықтың перспективті сұрыптарын зерттейді. Орталықта осы маусымның қорытындысы шығарылды.
"Орташа өнімділігі 9,89 ц/га бұршақтың Статус, КАСИБ және Өріс перспективалы сорттары және орташа өнімділігі 13 ц/га ұсақ тұқымды дақылды жасымық, ірі тұқымды Сакура жиналды", - деп хабарлады АШҒӨО.
Орталық перспективалы сұрыптарды зерттеу аясында үлгілер толық селекциялық процестен өткенін атап өтті. Зерттеуде екі, үш, төрт, алты және сегіз қайталауда 1313 бұршақ үлгілері, 120 ноқат үлгілері және 364 жасымық бар.
Айта кетейік, Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталуға жақын. ҚР АШМ деректері бойынша 20 қыркүйекке 13,9 млн га немесе егін жинау алаңының 86,3% жиналды. Орташа өнімділік гектарына 12,5 ц болғанда 17,3 млн тонна астық бастырылды.