Қазақстанда дәнді тазалайтын құрылғы жасалып шығарылды
Қазақстан нарығында стационарлық сепараторға негізделген тұқым сұрыптайтын кешен пайда болды. Бұл жетілдірілген түсті сұрыптау аппаратын шығаратын зауыттың ресми дилері болып табылатын СОРТТРЕЙД компаниясы құрылғы жайлы айтып берді.
«Бұл Қазақстан нарығы үшін жаңа жабдық болып табылады. Фото сепараторды фермерлерге оңай жеткізіп, оны пайдалану үшін біз бұл құралды жетілдіріп, кәдімгі стационарлық кешенді мобильді құрылғыға айналдырдық», - деп түсіндірді компания өкілі Анна Гурина.
Аталған түсті сұрыптау кешенін СОРТТРЕЙД компаниясы 2020 жылдың басында жасап шығарған. Бұрын бұл бөлу технологиясын тек Нұр-Сұлтан қаласындағы көрмелерден ғана тамашалауға болатын. Қазір кешенді әр ферма бегілі бір өндірісте, іс жүзінде сынап көруге және өзінің зертханасында оның қалай тазалайтынын бағалай алады.
Қазақстанның бірнеше тұқым өсіру және қайта өңдеу кәсіпорындары тұқым материалын дайындап, жармаларды қиын қоспалардан тазарта отырып, жылжымалы фото сепараторды пайдаланады.
Фотосепаратор - бұл өнімді түрлі-түсті қоспалардан тазартуға мүмкіндік беретін инновациялық технология. Яғни, физикалық сипаттамалары бойынша негізгі дақылдың дәніне ұқсайтын қоспаны механикалық тазарту әдістерімен бөліп алады және тазартуға қиындық тудыратын заттарды - пішіні, өлшемі, тығыздығы, аэродинамикалық қасиеттері бойынша түсі мен көлеміне қарап бөледі.
«Астықпен бірге араласып кеткен қоспалар оны ластап, сапасын түсіреді. Кейде оның арасында улы заттар да болады. Фото сепаратор - бұл қиын қоспаларды бөліп алуға мүмкіндік беретін жаңа технология, бұл өнімдерді 99,9% -ға дейін таза және қауіпсіз етіп, оның құны мен сапасын арттырады», - деп түсіндірді компания өкілдері.
Өскеменде орналасқан СОРТТРЕЙД компаниясы Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанға фото сепараторларды жеткізумен және қызмет көрсетумен айналысады.