Қазақстан Қаржы министрлігі бидайдың ең төменгі бағасын белгілеуді ұсынады
ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті бидай саудасы кезінде бағаның ең төменгі деңгейін (БЕД) белгілеуді қарастыру туралы бастама көтерді. Қазіргі уақытта мәмілелер кезінде салық салуды әкімшілендірудің осы құралын енгізудің құқықтық негізін дайындау талқылануда. Бұл туралы Қазақстанның Астық одағында хабарлады.
"Бағаның ең төменгі деңгейін қолдану бидайдың импорты мен ішкі саудасына таралады. БЕД-тен төмен бағамен жасалған бидаймен жасалатын барлық мәмілелерді салық органдары тексереді және негіздер болған жағдайда мұндай мәмілелер бойынша тиісті салықтар қосымша есептелетін болады", - деп хабарлады Астық одағында.
Мемлекеттік кірістер комитеті бұл ұсынысты "Атамекен" ҰКП мен бейінді ұйымдардың қарауына жолдады.
Айта кетейік, Қазақстанда соңғы жылдары астықты қадағалау жүйесін енгізу талқылануда. Сонымен қатар, 10 сәуірден бастап Қазақстан алты ай мерзімге автокөлікпен бидай әкелуге тыйым салды. Мұндай шешім астық контрабандасына қарсы күрес шеңберінде қабылданды, оны сарапшылар жылына 2 млн тоннаға бағалайды. Мемлекетке келтірілген залал жыл сайын 500 миллион долларға жетеді.