Азық түлік корпорациясының еншілес ұйымы астықты сақтау және қабылдау тарифтерін бекітті
"Астық қоймалары" ЖШС ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін астықты сақтау және қабылдау бойынша жаңа тарифтерді бекітті. Бұл туралы ElDala.kz "Азық-түлік корпорациясы" ҰК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қолдау көрсету үшін биыл жеңілдіктердің мынадай түрлері бекітілді:
1. Алыс қашықтықтағы астықты қайта ресімдеу кезінде "Азық-түлік корпорациясы" ҰК" АҚ-да (форвардтық сатып алу және тауарлық несие бойынша) астықты қабылдау жүзеге асырылған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік 10 күн ішінде қолайлы тарифтер қолданылады:
- сақтау бойынша - бір тонна-айға 1 теңге (ҚҚС-пен);
- автокөліктен астық қабылдау бойынша - тоннасына 1 теңге (ҚҚС-пен).
2. Күнтізбелік айда әкелінетін алыс қашықтықтағы астық көлеміне (1-ден 30/31-ге дейін) қолайлы тарифтер қолданылады:
- сақтау бойынша - бір тонна-айға 1 теңге (ҚҚС-пен);
Тақырып бойынша оқу: Астық қоймалары экспортқа 151 мың тонна дәнді және майлы дақылдарды жөнелтті
3. Алыс қашықтықтағы астықтың әкелінетін көлеміне күнтізбелік айда 2000 тоннадан астам астық (1-ден 30/31-ге дейін) қолайлы тарифтер қолданылады:
- сақтау бойынша - бір тонна-айға 1 теңге (ҚҚС-пен),
- автокөліктен астық қабылдау бойынша - бекітілген тарифтен 50% жеңілдік;
4. Күнтізбелік айда 7000 тоннадан астам астықтың әкелінетін алыс қашықтықтағы астық көлеміне (1-ден 30/31-ге дейін) қолайлы тарифтер қолданылады:
- сақтау бойынша - бір тонна-айға 1 теңге (ҚҚС-пен);
- автокөліктен астық қабылдау бойынша - тоннасына 1 теңге (ҚҚС-пен).
Естеріңізге сала кетейік, "Астық қоймалары" ЖШС майлы дақылдардың дәндері мен тұқымдарын қабылдау, кептіру, тазарту және жөнелту, оның ішінде экспортқа жөнелту қызметтерін көрсетеді. Астықты сақтау бойынша қолданыстағы қуаты 491,7 мың тоннаны құрайды.