Қазақстанда астық пен бұршақ дақылдарының қоры жаз мезгілінде 4,5 млн тоннадан асты
Статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2020 жылғы 1 маусымда Қазақстандағы дәнді және бұршақты дақылдар қоры 4 505 095 тоннаны құрады.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда азық-түлікке арналған дәнді дақылдар мен бұршақ дақылдарының қоры – 3 533 787 тонна болады, тұқымға - 437 763 тонна және жемшөпке – 533 545 тонна. Жыл басынан бері жиналған қор 61% -ға азайды. 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда 11 773 356 тонна астық және бұршақ дақылдары болды, оның ішінде 8 375122 тонна азық-түлікке арналған, ал 1 514 796 тонна тұқым және 1 888 438 тонна жемшөпке арналған.
1 маусымдағы жағдай бойынша 3 638 893 тонна бидай (азық-түлікке- 3 111 456 тонна, тұқымға- 313 564 тонна, жемшөпке -213 873 тонна), 34 224 тонна жүгері (оның ішінде 12 969 тонна азық-түлік), 106 139 тонна күріш, 596 833 тонна арпа, 4 081 тонна қара бидай, 62 220 тонна сұлы, 10 113 тонна қарақұмық, 5 726 тонна тары жиналды.
Аймақтар бойынша ең үлкен қор Ақмола облысында – 1 313 562 тонна, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 111174 тонна және Қостанай облысында – 801 306 тонна бар, ал ең аз резерв Маңғыстау облысында - 11 тонна сақтаулы тұр.