09:50 Қазақстан

Үкімет азық-түлік қауіпсіздігін бақылау ережелерін жаңартты

Қазақстанның үкіметі Азық-түлік қауіпсіздігін бақылау ережелерінің жаңа нұсқасын қабылдады.

Құжатқа сәйкес, азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйін бақылау барысында азық-түлік тауарлары өндірісінің көлемі, олардың тауар қозғалысы және қорлардың болуы, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы зерделенеді.

Мониторинг келесі бағыттарды қамтиды:

  • әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдері бойынша ішкі өндіріс қамтамасыз етілуі, қалыптасқан тауарлық баланс нәтижелері бойынша;
  • азық-түлік өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың баға индексі;
  • әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдерінің баға индексі;
  • негізгі азық-түлік өнімдерінің қор көлемі.

Негізгі азық-түлік тауарлары қорларының көлемі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы, шаруа немесе фермер қожалықтарындағы, астық қабылдау пункттеріндегі және элеваторлардағы, сауда нүктелеріндегі, азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларындағы қорларды жинақтау жолымен айқындалады.

Ережелер мониторингті жүзеге асыру шеңберінде уәкілетті мемлекеттік органдардың міндеттерін және азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйі туралы деректерді беру немесе жариялау мерзімдерін белгілейді.