16 июля 2020 Астық

ETS-те 5 мың тонна бидай алуға өтінімдер қанағаттандырылмады

15 шілде, сәрсенбі күні астық сататын аукционда ешқандай сауда мәмілесі жасалмады .

 Бұл күні сатушылар аукционға жеті лот қойды. Екі лот 3-ші сұрыпты бидай болды (бір тоннасы 94 мың теңге), 4-ші сұрыпты бидайдан үш лот (тоннасына 88 мың теңге) шығарылды.  Жалпы 32 мың тонна бидай ұсынылды.

Сатып алушылар 4 960 тонна бидайды сатып алуға дайын болды. Алайда ұсынылған бағадан  әлдеқайда төмен ақша айтылды. 3-ші сұрыпты бидай үшін 87 мың теңге және 4-ші сұрыпты бидай үшін 82 мың теңге берді.

Нәтижесінде бір де бір келісімшартқа қол қойылған жоқ.