Қазақстанда 11,4 млн тонна бидай жиналды
Қазақстанда астық жинау аяқталу сатысында. Бүгінгі таңда 16,9 млн га (немесе 98,7%) жиналды, орташа өнімділігі гектарына 9,7 ц бастапқы салмақта 16,4 млн тонна астық тартылды. Оның ішінде аграрийлер 11,4 млн тонна бидай тартты, орташа өнімділік гектарына 8,6 ц. Бұл туралы 7 қарашада өткен Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді.
«Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, күтілетін жалпы астық жинау көлемі 16 млн тоннаны, бидай - 11,3 млн тоннаны құрайды. 3 млн тонна көлеміндегі астықтың ауыспалы қалдықтарын ескере отырып, бұл елді нанмен, ұнмен және макаронмен толық қамтамасыз ету үшін жеткілікті», - деді Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы.
Лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарына 4,7 млн тонна жаңа өнім, оның ішінде 3 санатты 1,8 млн тонна түсті.
Майлы дақылдардың бүгінде 1,9 млн га немесе 68% жиналды. Орташа өнімділігі гектарына 8,4 ц болған кезде 1,6 млн тонна майлыдәндер жиналды. Оның ішінде орташа өнімділігі гектарына 11,6 ц болатын күнбағыстың 747,5 мың тоннасы тартылды.
Айдарбек Сапаров атап өткендей, астық егетін негізгі өңірлерде егін жинау кезінде 25 күннен астам уақыт бойы қатты жаңбыр жауды. Осы кезеңдегі жауын-шашын мөлшері (65 мм) орташа жылдық көрсеткіштен (22) үш есе көп.