30 июля 2020
Астық
ETS-те бидайға деген сұраныс артты
Еуразиялық сауда жүйесі биржасындағы сатып алушылар 29 шілде, сәрсенбі күні астыққа деген сұранысты 9970 тоннаға дейін арттырды. Бір күн бұрын 6720 тоннаға өтінім болған еді.
Алайда, сатушылардың бағасы өзгеріссіз сол қалпында қалды-3 сұрыпты бидай үшін 94 мың теңге және 4 сұрыпты бидай үшін 88 мың теңге болды. Ал сатып алушылар керісінше 87 мың және 82 мың төлеуге дайын болды.
Нәтижесінде аукционда ешқандай да сауда жасалған жоқ.