Азық-түлік корпорациясы тұқымға 25,5 мың тонна астық сатты
Азық-түлік корпорациясы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өтінімдері бойынша азық-түлік астығын тұқым ретінде өткізуді жүзеге асырады. Тұқым ретінде азық-түлік астығын беру жұмыстары аяқталуға жақын. Бұл туралы Ұлттық компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
«2024 жылғы 27 мамырға Ақмола және Қостанай облыстарының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен 5,9 млрд теңге сомаға 41,7 мың тонна бидайға 28 өтінім келіп түсті. Аталған көлем шамамен 400 мың га алқапта егіс науқанын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деп хабарлады Азық-түлік корпорациясында.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінгі таңда Азық-түлік корпорациясы 25,5 мың тонна көлемінде азық-түлік астығын тұқым ретінде алғашқы беруді жүргізді. Қалған көлемді беру алдағы күндері жоспарлануда.
«Азық-түлік корпорациясының азық-түлік астығының сынамаларын өз бетінше алып, ауыл шаруашылығы өндірушілері астықтың егіс мақсатына жарамдылығы жөнінде тиісті қорытынды алды. Ауыл шаруашылығы өндірушілері Азық-түлік корпорациясының сатып алған азық-түлік астығын ішкі нарықта немесе экспортқа одан әрі қайта сату үшін пайдаланбауға міндеттеме алды», - деп атап өтті Азық-түлік корпорациясында.