Қазақстанда бидай қоры 6,3 млн тоннадан асады
2024 жылғы 1 маусымға Қазақстанда астық қоры 7,8 млн тоннадан асты, оның ішінде бидай – 6,3 млн тоннадан астам. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
Астықтың жалпы көлемінен азық-түлік қоры шамамен 5,5 млн тоннаны, тұқым – 690 мың тоннадан астам және жем-шөп –1,7 млн тоннаны құрайды.
Азық-түлік бидайы қоймаларда шамамен 4,8 млн тоннаны құрады, тұқым қорында 539 мың тоннадан астам, 1 млн тоннадан астамы жем-шөп үлесіне тиесілі.
Статистикаға сәйкес, 1 маусымда ауыл шаруашылығы өндірушілерінің қоймаларында 1,8 млн тоннадан астам бидай, элеваторларда – 2,2 млн тоннадан астам, фермерлік шаруашылықтарда – 875 мың тоннадан астам, көтерме саудагерлерде – 121,9 мың тоннадан астам бидай болған. Ұн тартушылардың қоры 796 мың тоннадан, ал басқа заңды тұлғалардың қоры 332 мың тоннадан асты.
Арпа қоры 1 млн тоннадан астам болды: 379,8 мың тонна – азық-түлік, 542 мың тонна – жемдік және 99 мың тонна - тұқым.
Сонымен қатар, Қазақстанда жүгері қоры 106,5 мың тоннаны, күріш – 94 мың тоннаны, қара бидай – 16,6 мың тоннаны, сұлы – 81,5 мың тоннаны, қарақұмық – 57,5 мың тоннаны құрады.