Азық-түлік корпорациясынан бидай бағасын 100 мың теңгеден белгілеуді сұрайды
Қостанай облысының аграрийлері Азық-түлік корпорациясынан форвардтық сатып алу бағасын белгілеу кезінде ағымдағы жылы астық өндіру кезінде шығындардың ұлғаюына әсер еткен факторларды ескеруді сұрайды. Егер бағалар өзіндік құннан төмен болса, онда бұл көптеген шаруашылықтардың банкроттығына әкеледі, деп мәлімдеді Қостанай облысының Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қауымдастығында.
Аграрийлер 3-сыныпты жұмсақ бидайдың тоннасына келесі сатып алу бағасын белгілеуді ұсынды:
- дән желімшесі 23-24% - 100 мың теңге
- дән желімшес 25-27% - 115 мың теңге
- дән желімшес 28% және одан жоғары – 125 мың теңге
Сондай-ақ ауыл шаруашылығы дақылдарын сатып алудың мынадай бағалары ұсынылады:
- 4-5 сыныпты жұмсақ бидай - 80-90 мың теңге
- 3-сыныпты қатты бидай - 160 мың теңге
- 2-сыныпты арпа - 70 мың теңге
Аграрийлер 2023 жылы егін жинау кезінде жауған жаңбырдың салдарынан астықтың үлкен көлемі сапасыз болғанына назар аударады, нәтижесінде оны сату бағасы өндіріс шығындарынан төмен болды. Сондай-ақ, биылғы жылы фермерлер фунгицидті өңдеуге жоғары шығындарға ұшырады.
2022 жылғы субсидиялар бойынша бар қарыздар және олардың төлемдерінің жойылуы шаруа қожалықтарының қаржылық тұрақтылығына әсер етті. Сондай-ақ, толық 22% мөлшерлемемен несиені өтеу бизнеске үлкен салмақ түсіреді.
Астық өндірісінің жоғары құнына өнімділігі төмен техниканың ескі паркі әсер етіп отыр, ал салада кадрлардың жетіспеуі байқалады.
Биылғы жылы ауа-райының қиын жағдайлары дақылдарды белсенді түрде жинауға мүмкіндік бермейді. Аграрийлерге дәнді дақылдарды кептіруге кететін шығындар да артады.
«Қауымдастық өкілдері ұсынылған бағалар бүгінде нарықта жинаудың басында қалыптасқан бағадан жоғары екенін түсінеді. Бірақ неғұрлым төмен баға белгіленсе, аграрийлер қолда бар берешектерді өтей алмайды, бұл кредиторлық берешектің өсуіне және соның салдарынан шаруашылықтардың банкроттығының басталуына әкеледі. Сонымен қатар, астықты сату кезінде Азық-түлік корпорациясы ҚТЖ алдында астықты тасымалдау бойынша преференциялар туралы өтініш бере алады. Сондай-ақ басқа мекемелермен және ұйымдармен жеңілдіктер туралы, өйткені оларды көптеген ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне қарағанда Азық-түлік корпорациясына беру оңайырақ», - деп атап өтті Қауымдастықта.