21 августа 2020 Астық

Азық-түлік корпорациясы Өзбекстанда сауда өкілдігі мен АҚК ашады

Азық-түлік корпорациясы Өзбекстанда сауда өкілдігі мен АҚК ашуды жоспарлап отыр. Бұл туралы АШМ дайындаған азық – түлік келісім-шарт корпорациясының 2021-2030 жылдарға арналған Даму стратегиясында көрсетілді.

Азық-түлік келісім шарт корпорациясының даму стратегисында астық экспорты көлемін өсіру және сыртқы нарыққа шығу мақсаттары жайлы жазылған.

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясының жұмысы сыртқы нарыққа шығуды қамтамасыз ету және жасалған келісімшарттардың орындалуына кепілдік беру болып табылады. Сонымен қатар жеткізілетін өнімнің жоғары сапалы болуын қамтамасыз ететін қазақстандық экспорттаушының имиджін қалыптастыруға бағытталады. Аталған жұмыс бойынша, Өзбекстанда Сауда өкілдігін ашу, сондай - ақ меншікті АҚК және/немесе диірмен кешенін орналастыру жоспарлануда», - деп жазылды құжатта.

Аталған Инфрақұрылым отандық экспорттаушыларға Өзбекстан нарығында қазақстандық астық пен ұнды сату және Орталық Азия өңірінде экспортты дамыту мақсатында ұсынылатын болады.

Сондай-ақ, ҚХР-ға және басқа да стратегиялық нарықтарға астық экспорттау бойынша жұмыс істелетін  болады.

Сонымен қатар, қазақстандық астық экспортын кеңейту және ұн шығарылатын жаңа елдерді игеру үшін Азық-түлік келісім шарт корпорациясы болашақ импорттаушыларды іздестіретін және ұзақ мерзімді сауда байланыстарын орнататын болады. Азық-түлік келісім шарт корпорациясының негізгі контрагенттері импорттаушы елдердің мемлекеттік және ірі жеке компаниялары болады.

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясының сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігі мен белсенділігін  арттыру үшін Ресей мен Украинаның нарықтарынан астық сатып алып, экспорттық бағыттар бойынша жеткізетін болады, сондай-ақ қажет болған жағдайда ішкі нарық үшін де пайдаланылатын болады. Ол үшін Каспий теңізіндегі Азық - түлік келісім шарт корпорациясының порт инфрақұрылымы  пайдаланылады», - деп жазылды стратегияда.

Компания астықты ауыстырып тиеумен бірге экспедиторлық қызметтер көрсететін болады, бұл қазақстандық астықтың Каспий бағытындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және азық-түлік келісім шарт корпорациясының ауыл шаруашылығы өнімдері нарығындағы операциялық шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

Азық-түлік корпорациясының тағы бір міндеті-экспорттық пулды қалыптастыру. Бұл жұмыстың мақсаты бойынша мүмкіндігі жоқ шағын және орта деңгейдегі өндірушілердің экспорттық операцияларға қол жеткізуін қамтамасыз ету болады.

«Ауыл шаруашылығы өндірушілерінің аталған санаттарынан ұсақ партияларды жинау және азық-түлік келісім шарт корпорациясының арналары бойынша экспортқа жөнелту арқылы экспорттық пулды қалыптастыру жоспарлануда. Астық нарығында ұлттық оператор мәртебесінің болуы және азық - түлік келісім шарт корпорациясының сыртқы сауда қызметінің көп жылдық тәжірибесі осы шараның нәтижелілігін қамтамасыз ететін болады», - деп көрсетілді құжатта.

Экспорттан түскен түсім Азық-түлік келісім шарт корпорациясының комиссиялық сыйақысы ауыл шаруашылығы өндірушілеріне қайтарылады. Бұл ретте өндірушілердің өз астығын пайдалануы экспорттық операциялардан түсетін пайданы арттыруға мүмкіндік береді.