27 сентября 2024 Астық

Қазақстанда 18,5 млн тоннадан астам астық бастырылды

Қазақстанда 27 қыркүйекте 12,6 млн гектардан астам дәнді және бұршақты дақылдар жиналды. Орташа өнімділігі гектардан 14,7 ц болған кезде 18,5 млн тоннадан астам астық бастырылды, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Бидай 9,8 млн га алқапта жиналды. Орташа өнімділігі гектардан 14,1 ц болған кезде 13,9 млн тонна бастырылды.

Арпа 1,9 млн га алқапқа жиналды, өнімділігі гектардан 16,6 ц болған кезде 3,2 млн тонна бастырылды, сұлы – 154,3 мың га, өнімділігі гектардан 15,9 ц болған кезде 245,4 мың тонна бастырылды.

Майлы дақылдар 395 мың га алқапта жиналды. Орташа өнімділігі гектардан 11,7 ц болған кезде 461,1 мың тонна бастырылды.

Сондай-ақ, елде шамамен 2 млн тонна картоп (орташа өнімділігі гектардан 232,9 ц) және 2,4 млн тоннадан астам көкөніс (өнімділігі гектардан 248,2 ц) жиналды.

Егін жинау науқанына 149,9 мың трактор, 37,6 мың астық жинайтын комбайн, 14,9 мың дестелегіш және 195 мың басқа техника жұмылдырылды.

2024 жылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жеңілдетілген қаржыландыру көлемі 580 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдармен салыстырғанда үш есе көп. Келесі жылы бұл көрсеткішті 700 млрд теңгеге дейін ұлғайту жоспарланып отыр, бұл ретте жеңілдікті несиелер беру осы жылдың қараша-желтоқсан айларында басталады.