07 октября 2024 Астық

2024 жылы Қазақстан Қытайға кем дегенде 2 млн тонна астық жеткізуді көздеп отыр

2024 жылдың басынан бастап Қазақстан Қытайға 1,3 млн тонна астық экспорттады. Жыл соңындағы жоспар жеткізу көлемін 2 млн тоннаға дейін немесе одан жоғары ұлғайту. Мұндай міндетті егін жинау науқаны жөніндегі жедел штабта вице-премьер Серік Жұманғарин қойды, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

«Біздің алдымызда биыл Қытайға 2 млн тонна астық жеткізу міндеті тұр, бірақ біз оның көлемін 3 млн тоннаға дейін арттыра аламыз. Сондай-ақ Ауғанстанға ұн жеткізуді арттыру қажет. Жаңа келісімшарттар мен логистика Алматыда өтетін Қазақстан-Ауғанстан бизнес-форумындағы басты мәселелердің бірі болуы тиіс», —  деді Серік Жұманғарин.

Үкіметтің мәліметінше, жабық вагондарда Қытайға астық тасымалдау көлемі 75%-ға, астық тасымалдаушыларда 5%-ға өсті. Бұл ретте контейнерлерде жеткізу 26%-ға төмендеді. Бұл жабық вагондар мен астық таситын көліктердегі астықтың негізгі көлемі Қорғас және Алашанькоу бекеттепі арқылы ШҰАА бонд аймағына қайта өңдеу үшін бажсыз жеткізілетіндігіне байланысты. Бидайды ҚХР-ға жеткізу үшін 65% баж қолданылады, ал астық негізінен контейнерлерде жүреді. Бұл ретте арпа және басқа да жемшөп дақылдары ірі дайындау компанияларының қажеттіліктеріне сәйкес бүкіл Қытайға экспортталады.

ҚТЖ ҰК басқарушы директоры Бауыржан Урынбасаров жалпы 9 айда астықты жөнелтудің жалпы көлемі 6,6 млн тоннаны (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21%-ға аз) құраған кезде ұнтақтау өнімдерін тасымалдау көлемі пропорционалды түрде - 2,7 млн тоннаны (21%-ға артық) құрағанын хабарлады. Бұл ретте 5 млн тонна астық экспортқа кетті, оның тек қыркүйекте 900 мың тоннасы жөнелтілді.  Ұнтақтау өнімдерінің экспорты 2,1 млн тоннаны құрады, оның ішінде қыркүйек айында – 310 мың тонна.

«Қазақстандық астықты жеткізудің негізгі елдері - Орталық Азия (2,9 млн тонна), Қытай (1,3 млн тонна), Ауғанстан (127 мың тонна), бұл биылғы жылдың 9 айындағы көлемдер. Айта кету керек, салыстырмалы тыныштықтан кейін Иранға астық жеткізу қайта басталды – 211 мың тонна, оның 140 мың тоннасы – қыркүйекте ғана. Басқа елдерге - Италия, Түркия және Ресейге - 423 мың тонна жөнелтілді», - деді Бауыржан Урынбасаров.

Қаңтардан қыркүйекке дейін ұнтақтау өнімдері: Орталық Азияға – 495 мың тонна, Қытайға – 639 мың тонна, Ауғанстанға – 666 мың тонна жөнелтілді.

7 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда дәнді дақылдардың 94%-ы, картоптың 90,5%-ы, көкөністердің 84,6%-ы, майлы дақылдардың 30%-ы, қант қызылшасының 23%-ы жиналды. Егін жинау науқаны басталғаннан бері элеваторларға 4,4 млн тонна астық түсті.