13:35 Астық

Қазақстанда 25,8 млн тонна астық бастырылды

Қазақстанда 17 қазанда 16,4 млн гектардан астам дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар немесе 98,6% алқап жиналды. Орташа өнімділігі гектардан 15,7 ц болғанда 25,8 млн тоннадан астам астық бастырылды, деп хабарлады АШМ баспасөз қызметі.

Бидай 13 млн га алқапта жиналды, өнімділігі гектардан 14,9 ц болған кезде 19,4 млн тонна бастырылды. Арпа - 2,2 млн га, өнімділігі гектардан 17,6 ц болған кезде 3,9 млн тонна; сұлы – 190 мың га, өнімділігі гектардан 17,1 ц болған кезде 325,6 мың тонна.

Майлы дақылдар 1,5 млн га жиналды, орташа өнімділігі гектардан 10,7 ц болған кезде 1,6 млн тонна бастырылды.

Сондай-ақ, Қазақстанның аграрийлері 2,6 млн тоннадан астам картоп, 3,2 млн тоннадан астам көкөніс, 2,6 млн тонна бақша дақылдарын жинады.

Егін жинау науқанына 149,9 мың трактор, 38,7 мың астық жинайтын комбайн, 14,9 мың дестелегіш және 195 мың басқа техника жұмылдырылды.

2024 жылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жеңілдетілген қаржыландыру көлемі 580 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдармен салыстырғанда үш есе көп.