06 ноября 2024 Астық

Ауғанстан қазақстандық астық импортын ұлғайтуға дайын

ҚТЖ ұлттық компаниясында астық өнімдерін Ауғанстанға тасымалдау бойынша келіссөздер жүк жөнелтушілердің, Бейнеу элеваторының және Азық-түлік корпорациясы өкілдерінің қатысуымен өтті.

«Қатысушылар Серхетабат (Түрікменстан) – Торгунди (Ауғанстан) шекара өткелдері арқылы Ауғанстанға астық тасымалдау мүмкіндіктерін талқылады. Ауғанстан шамамен 200 мың тонна астық өнімдерін қабылдауға дайын. Сондай-ақ Түркіменстан Көлік министрінің орынбасарымен Түркіменстан аумағы бойынша жүк тиелген және бос вагондардың жүру жылдамдығын арттыру мәселелері бойынша келіссөздер жүргізілді», - деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі.

Ұлттық компанияның мәліметінше, ағымдағы жылдың қазан айында Орталық Азияға астық тасымалдау 43%-ға, 615 мың тоннаға дейін өсті.

Айта кетейік, биылғы жылдың алғашқы 9 айында Қазақстан Ауғанстанға 127 мың тонна астық экспорттаған. Ал 10 айдың қорытындысы бойынша Ауғанстан 788 мың тонна сатып алып, қазақстандық ұн импортының көлемі бойынша көшбасшы болды.