Кеше Астық

Қазақстан бір жыл ішінде 8,1 млн тонна астық экспорттады

2024 жылы ҚТЖ желісі бойынша астық тасымалдау көлемі 10,6 млн тоннаны құрады. Оның ішінде ішкі тасымалдар бір жылда 2,5 млн тоннадан асты (өсім 13%-ға), ал экспорт 8,1 млн тоннаны құрады, деп хабарлады Ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

2024 жылы астық тасымалы Орталық Азия елдеріне: Тәжікстанға — 20%-ға, Қырғызстанға — 92%-ға, Әзірбайжанға — 86%-ға ұлғайды. Иранға астық тиеу екі есе өсті.

Ұнтақтау өнімдерін тасымалдау да оң динамиканы көрсетті. 2024 жылы тасымалдау көлемі 3,2 млн тоннаны құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 2%-ға артық. Ұнтақтау өнімдерінің экспорты 3%-ға артып, 2,3 млн тоннаға жетті. Тәжікстан, Түрікменстан және Қырғызстанды қоса алғанда, Орталық Азия елдеріне ұнтақтау өнімдерінің экспорты өсуде, мұнда айтарлықтай өсім байқалуда — тиісінше 4%, 5% және 41%. Қытай қазақстандық ұнтақтау өнімдерінің импортын 34%-ға арттырды.

«ҚТЖ астық және ұнтақтау өнімдерін тасымалдау логистикасын жақсарту бойынша белсенді жұмыс істейді, оларды жеткізудің барлық кезеңдерін бақылайды. Астық және ұнтақтау өнімдері сияқты әлеуметтік маңызы бар жүктерді тасымалдау ерекше бақылауда. Тасымалдарды үйлестіру үшін жедел астық штабы жұмыс істейді, ол күнделікті тасымалдарды қадағалайды және бақылайды, олардың үздіксіздігі мен уақтылығын қамтамасыз етеді», - деп атап өтті компанияда.