Алматы облысында жүгері егістігі 3,5 мың гектарға ұлғаяды
Алматы облысында 2024 жылы 49,1 мың га жүгері егіліп, 270,7 мың тонна өнім жиналды. Орташа өнімділігі гектардан 55 ц құрады. Бұл өңірдің соңғы жылдардағы ең үздік нәтижелерінің бірі, және биылғы маусымда облыста егін алқаптарын 3,5 мың гектарға арттырып, 52,6 мың гектарға жеткізу жоспарлануда. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
2024 жылғы жүгері дақылының негізгі бөлігі 175 мың тонна мөлшерінде жемшөп қажеттіліктеріне жұмсалды, тағы 94 мың тонна өңдеуге жіберілді, ал 1,3 мың тонна келесі жылдың егіс науқанына қалдырылды. Негізгі өңдеушілердің қатарында «Жаркент крахмал-патока зауыты» (78 мың тонна), «АзияАгроФуд» (60 мың тонна) және «Көк Теңіз» (14 мың тонна) бар. Жүгерінің орташа сатып алу бағасы тоннасына 55-60 мың теңгені құрады, ал құс фабрикалары оны килограмына 74 теңгеден сатып алды.
Әкімдікте Алматы облысында жүгеріні қайта өңдеуді субсидиялау жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. 2024 жылы осы мақсаттарға 1,5 млрд теңге бөлінді, бұл аграрийлерге қайта өңдеуге берілген әрбір тонна үшін 18 мың теңгені өтеуге мүмкіндік берді. Облыста 102,6 мың тонна астық сақталатын үш лицензияланған қойма жұмыс істейді.