ҚТЖ астықты субсидияланатын бағыттар бойынша белсенді түрде әкетуге шақырады
2024-2025 жылғы маусымда қазақстандық астықтың экспорты 53%-ға өсті, негізінен жөнелтілімдердің ұлғаюы дәстүрлі нарықтарға – Орталық Азияға, сондай-ақ астық көлемі Иранға, Әзірбайжанға жіберілді. Сонымен қатар, ҚТЖ компаниясы экспорттаушыларды ағымдағы жылы тасымалдау шығындарын субсидиялау енгізілген баламалы бағыттарды белсенді игеруге шақырды.
Сала өкілдерінің қатысуымен өткен Астық штабының отырысында жарты жылдағы (2024 жылғы қыркүйек – 2025 жылғы ақпан) астық тасымалдау қорытындылары талқыланды.
«Наурыз мерекелеріне байланысты тиеу қарқыны төмендеді, вагондардың профициті пайда болды. ҚТЖ жүк жөнелтушілерді субсидияланатын бағыттарды — Ресей мен Балтық порттарын белсенді пайдалануға шақырады», - деп отырыс қорытындысы бойынша ҚТЖ баспасөз қызметі хабарлады.
Компанияның мәліметінше, маркетингтік жылдың бірінші жартыжылдығында ҚТЖ желісі бойынша 7,4 млн тонна жаңа өнімнің астығы тиелген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 47%-ға артық. Ішкі тасымалдар 30%-ға (1,6 млн тонна), экспорт 53%-ға (5,8 млн тонна) өсті.
Экспорттың өсуі барлық бағыттар бойынша тіркелді: Орталық Азияға - 3,2 млн тонна (+33%), Ауғанстанға — 248 мың тонна (+36%), Иранға — 660 мың тонна (өсім 17 есе), Әзірбайжанға — 360 мың тонна (өсім 90 есе).