10:01 Астық

Қазақстан маркетингтік жылда рекордтық 8,8 млн тонна бидай экспорттады

Өткен 2024/25 маркетингтік жылы Қазақстан 8 млн 873,4 мың тонна бидай (жұмсақ және қатты) экспорттады. Бұл алдыңғы маусыммен салыстырғанда 16,2%-ға көп және тарихтағы ең жоғары көрсеткіш болып отыр. Бұл туралы Қазақстанның Астық одағының талдау комитетінің жетекшісі Евгений Карабанов хабарлады.

Тамыз айында бидай экспорты 567,3 мың тоннаны құрады (ЕАЭО елдерін есептемегенде). Бұл шілде айымен салыстырғанда 15,7%-ға және 2024 жылғы тамызбен салыстырғанда 23%-ға көп.

«Бидай экспортының негізгі бағыты болып Орталық Азия елдері (Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түрікменстан) қала береді. Бұл елдерге 6 млн 982,6 мың тонна бидай экспортталды (2024/25 МЖ-да – 5 млн 389,5 мың тонна). Олардың 2025/26 МЖ-дағы бидай экспортының жалпы көлеміндегі үлесі 78,7%-ды құрады (2024/25 МЖ-да – 70,6%), оның ішінде Өзбекстанның үлесі – 60,8% (49,6%)», – деді Евгений Карабанов.

Астық одағының мәліметінше, алдыңғы маусыммен салыстырғанда 2025/26 МЖ-да мына елдерге экспорт көлемі артқан: Өзбекстанға – 42%-ға, Ауғанстанға – 2,6 есеге, Тәжікстанға – 5,7%-ға, Түркияға – 27 есеге, Иранға – 617 есеге, Ресейге – 12 есеге, Ұлыбританияға – 3 есеге, Бельгияға – 2,1 есеге, Нидерландтқа – 31%-ға.

Сонымен қатар қазақстандық бидай Францияға – 6 мың тонна, Туниске – 23,6 мың тонна көлемінде жеткізілді. Бұл елдерге 2024/25 маусымында бидай экспортталмаған.

Керісінше, келесі елдерге экспорт көлемінің төмендегені тіркелді:

  • Түрікменстанға – 1,85 есеге, 28 мың тоннаға дейін;
  • Әзербайжанға – 3,16 есеге, 220 мың тоннаға дейін;
  • Латвияға – 1,5 есеге, 30,1 мың тоннаға дейін;
  • Италияға – 1,89 есеге, 242,2 мың тоннаға дейін;
  • Норвегияға – 14%-ға, 9,9 мың тоннаға дейін;
  • Грузияға – 2,04 есеге, 39,4 мың тоннаға дейін;
  • Алжирге – 16,8%-ға;
  • Мысырға – 11,6 мың тоннадан 0-ге дейін;
  • Вьетнамға – 17,7 мың тоннадан 0-ге дейін;
  • Мароккоға – 161,9 мың тоннадан 0-ге дейін.

Қытайға бидай экспорты 4,14 есеге қысқарып, 43,2 мың тоннаны құрады. Алайда бұл көрсеткіш жемдік ұн жеткізілімінің 1 млн 430,5 мың тоннаға (+65%) артуымен өтелді, деді Евгений Карабанов.

РФ дереккөздердің мәліметінше, 2025/26 МЖ-ның қыркүйек–тамыз айларында Ресейден Қазақстанға бидай импорты 2 млн 90,4 мың тоннаны құрады. Бұл 2024/25 МЖ-мен салыстырғанда 4,2 есе көп. Оның ішінде биылғы шілдеде 170,4 мың тонна бидай импортталды (2024/25 МЖ-да – 125 мың тонна).

Сондай-ақ сарапшы бүкіл маркетингтік жыл бойы Орталық Азия елдері мен Ауғанстан тарапынан қазақстандық бидайға сұраныс жоғары болғанын атап өтті. Ресейлік бидайдың ұсынысы мол болғанына қарамастан, қыркүйек айында Қазақстан бидайына сұраныс та жоғары деңгейде сақталды.