14:30
Астық
Қазақстан астықты терең өңдеу өнімдерінің өндірісін 12 есеге ұлғайтады
Қазақстанда 2025-2029 жылдарға арналған дәнді дақылдарды терең өңдеуді дамыту жөніндегі Кешенді жоспарды бекіту дайындалуда. Үкімет қаулысының тиісті жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды.
Жоспарды іске асыру аясында:
- Жыл сайын кемінде екі жаңа жоғары технологиялық өндіріс құруға инвестициялар тарту;
- Дәнді дақылдарды терең өңдеу өнімдерін өндіру көлемін 2024 жылға қарағанда 2029 жылы 12 есеге ұлғайту;
- Өңделген өнім экспортының жалпы көлеміндегі дәнді дақылдарды терең өңдеу өнімі экспортының үлесін 2024 жылға қарағанда 2029 жылы 4 есеге ұлғайту.
Ауыл шаруашылығы министрлігі қаулының жобасы ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 10 жыл ішінде әлемдегі ең ірі он өндіруші және терең өңдеу өнімдерін жеткізушілердің қатарына кіру қажеттігі туралы тапсырмасын орындау үшін әзірленгенін атап өтті.