Кеше Астық

Қазақстанда астық қоры 8,6 млн тоннаға дейін қысқарды

Қазақстанда 1 маусымға дәнді және бұршақ дақылдарының қоры 8,6 млн тоннадан астам, оның ішінде бидай – 7 млн 372 мың тоннадан астам көлемде есептелді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Астықтың жалпы көлемінен азық-түлік қоры 7 млн 267 мың тоннадан астам, тұқым – 541 мың тоннадан астам және жемдік –  837 мың тоннадан астам болды.

Қоймаларда 6,5 млн тоннадан астам азықтық, тұқым қорында 436 мың тоннадан астам, ал 408 мың тоннадан астам жемдік бидай болды.

Статведомствоның мәліметінше, ауыл шаруашылығы өндірушілерінің қоймаларында 3 млн 358 мың тоннадан астам астық, элеваторларда – 2 млн 671 мың тоннадан астам, фермерлік шаруашылықтарда – 1 млн 259 мың тоннадан астам, көтерме саудагерлерде – 195,8 мың тоннадан астам, органикалық химиялық заттарды өндірушілерде – 8,9 мың тоннадан астам, жем өндірушілерде - 8,9 мың тоннадан астам астық болған. Ұн тартқыштардың қоры 958,9 мың тоннадан астам және басқа заңды тұлғалардың 178 мың тоннадан астамын құрады.

Айдың басында арпа қоры 670,8 мың тоннадан асты: 337,9 мың тонна – азықтық, 63 мың тонна – тұқым және 269,8 мың тонна – жемдік.

Сонымен қатар, Қазақстанда жүгері қоры 65 мың тоннаны, күріш – 131 мың тоннаны, қара бидай – 11 мың тоннаны, сұлы – 151 мың тоннаны, қарақұмық – 56 мың тоннаны құрады.