Қазақстан Вьетнамға 15 мың тонна бидай экспорттады
15 мың тоннадан астам қазақстандық бидай Вьетнамға Қытай аумағы арқылы темір жол көлігімен экспортталды. Астық жүктері Хайфон портына (Вьетнам) Достық және Алтынкөл шекаралық өткелдері арқылы жеткізілді, деп ҚТЖ ҰК баспасөз қызметі хабарлады.
«Экспорт 2025 жылдың мамырынан шілдесіне дейін жүзеге асырылды. Ақмола облысының Азат, Ақкөл және Көкшетау бекеттерінен барлығы сегіз құрам құрылып, жөнелтілді», - деп ҚТЖ хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық бидайды Вьетнамға жөнелтуді Азық-түлік корпорациясы ұйымдастырды. Соңғы рет Қазақстан астықты 2017 жылы Вьетнамға экспорттады, содан кейін жеткізу көлемі 720 тоннаны құрады.
«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асылхан Джувашев бұған дейін Оңтүстік-Шығыс Азия нарығына шығу экспорттық бағыттарды әртараптандыру және қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін халықаралық нарықтарға шығару стратегиясын жүзеге асырудың маңызды кезеңі болатынын атап өтті.