Қазақстанда 3 млн тоннадан астам астық бастырылды
25 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда 3,1 млн тонна астық бастырылды. 2,2 млн га астық жиналды, бұл егістің жалпы көлемінің 13,7%-ын құрайды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.
Бұдан басқа, 24,4 мың тонна майлы дақылдар, өнімділігі 239 ц/га 525,5 мың тонна картоп, өнімділігі 286 ц/га 1,6 млн тонна көкөніс, өнімділігі 269,9 ц/га 1,8 млн тонна бақша дақылдары жиналды.
Көкөністер жоғары өнімділікті көрсетеді: 375,4 ц/га өнімділікте 319,5 мың тонна қырыққабат, 390 ц/га өнімділікте 256,7 мың тонна пияз, 298,1 ц/га өнімділікте 98,8 мың тонна сәбіз жиналды.
Егін жинау жұмыстары еліміздің 15 өңірінде, соның ішінде Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында, сондай-ақ Абай, Жетісу облыстарында және Шымкент қалаларында жүргізілуде.
"Жақсы өнімділікті Шығыс Қазақстан, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Жетісу облыстары көрсетеді",-деп Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.