Қазақстанда егіс алқаптарының 26%-нан 5,9 млн тонна астық бастырылды
Қазақстанда 2 қыркүйектегі жағдай бойынша 4,2 млн га дәнді дақылдар жиналды, бұл жалпы егіс алқабының 26%-ын құрайды. 5,9 млн тонна астық бастырылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Дәнді дақылдардан басқа, аграрийлер 112,8 мың тонна майлы дақылдар, 241,5 ц/га өнімділікте 684,2 мың тонна картоп, 286,8 ц/га өнімділікте 1,9 млн тонна көкөніс, 272,6 ц/га өнімділікте 2 млн тоннадан астам бақша дақылдарын жинады.
Оның ішінде елімізде 374,8 ц/га өнімділікте 340,4 мың тонна қырыққабат, 394,2 ц/га өнімділікте 326,9 мың тонна пияз, 302,9 ц/га өнімділікте 115,7 мың тонна сәбіз жиналды.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, егін жинау науқаны оңтайлы агротехникалық мерзімде өтуде.