Кеше Астық

Қазақстанда 9 млн тонна астық бастырылды

Бүгінгі таңда Қазақстанда 6,3 млн га дәнді және бұршақты дақылдар жиналды, бұл жалпы егіс алқабының 39,3%-ын құрайды. 9 млн тоннаға жуық астық бастырылды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өндірушілері 221 мың тонна майлы дақылдар, 242,4 ц/га өнімділікте 933 мың тонна картоп, 299,8 ц/га өнімділікте 2,2 млн тоннаға жуық көкөніс, 275 ц/га өнімділікте 2,1 млн тоннадан астам бақша дақылдарын жинады.

369,3 ц/га өнімділікте 358,1 мың тонна қырыққабат, 409,9 ц/га өнімділікте 448,1 мың тонна пияз, 314,7 ц/га өнімділікте 137,8 мың тонна сәбіз жиналды.

Егін жинау науқаны ұйымдастырылып, оңтайлы агротехникалық мерзімде өтуде, деп атап өтті АШМ.