Кеше
Астық
Қазақстанда 16,6 млн тонна астық бастырылды
Бүгінгі таңда Қазақстанда 10,9 млн га немесе дәнді және бұршақты дақылдардың жалпы көлемінің 68,2% жиналды. Болжалды егін жинау алаңы 16 млн гектардан асады. 16,6 млн тонна астық бастырылды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Дәнді дақылдардан басқа, ауыл шаруашылығы өндірушілері 799,3 мың тонна майлы дақылдар, 224,7 ц/га өнімділікте 1,9 млн тонна картоп, 298,2 ц/га өнімділікте 2,9 млн тонна көкөніс жинады.
Сондай-ақ өнімділігі 324,3 ц/га 405,2 мың тоннадан астам қырыққабат, өнімділігі 412,2 ц/га 731,2 мың тонна пияз, өнімділігі 290,2 ц/га 305,7 мың тонна сәбіз жиналды.