Азық-түлік корпорациясы экспорттық субсидияларды төлеудің басталу күнін жариялады
Бидайдың алыс нарықтарға жеткізілуіне субсидиялар 2026 жылдың қаңтарынан қыркүйекке дейін беріледі. Бұл мақсатқа 30 млрд теңге бөлу жоспарлануда. Мемлекеттік қолдау алу үшін 2026 жылы межелі пункттерге астықтың түскені туралы растайтын құжаттарды ұсыну қажет. Бұл туралы Азық-түлік корпорациясының баспасөз қызметі хабарлады.
«Азық-түлік корпорациясы экспорттаушыларды жеткізілімдердің басталуын кешіктірмеуге және ұсынылған қолдау шараларын мүмкіндігінше ертерек пайдалануға шақырады. Астық жеткізілімі бүгін басталуы мүмкін және 2026 жылдың басында жаңа егін бидайын жеткізуге экспорттық субсидиялар алуға болады. Астықты субсидияланатын өткізу нарықтарына жеткізу мерзімі 30 күнге жететінін ескере отырып, экспорттаушылар жөнелтуді бастауды жандандыруы қажет», - деп атап өтті Азық-түлік корпорациясында.
Бидай экспорттаушыларының көлік шығындарын ішінара өтеуге өтінімдер электрондық форматта қабылданады және хронологиялық тәртіппен қаралады. Сондықтан жөнелтуді ертерек бастаған экспорттаушылар бірінші кезекте субсидия алады.
Сондай-ақ Азық-түлік корпорациясы экспорттаушылар алдындағы 2025 жылғы берешек үкімет қаулысымен белгіленген лимиттер шегінде толығымен өтелетінін атап өтті.
«Субсидияларды төлеу кағидаларында лимиттік көлемнен тыс өтінімдер бойынша өтемақы көзделмеген және үкімет жеке шешім қабылдаған жағдайда ғана мүмкін болады», - деп атап өтті Азық-түлік корпорациясында.
2025 жылы алыс нарықтарға бидай экспортын қолдауға 31 млрд теңгеден астам қаражат бағытталды. 2024-2025 жылғы маусымда мемлекеттік қолдау шараларының арқасында экспорттаушылар субсидияланған бағыттар бойынша 1,7 млн тоннадан астам астық жөнелтті. Астықтың шамамен 60%-ы Балтық жағалауы, Балтық және Қара теңіздер порттары арқылы транзитпен алыс экспорттық нарықтарға жөнелтілді. Қалған жеткізілімдер Оңтүстік Кавказ, Қытай және Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне жеткізілді.
Азық-түлік корпорациясы экспортты субсидиялау ішкі нарыққа мультипликативті әсер еткенін атап өтті. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша астық пен ұнды астық баламасында жеткізу өткен аграрлық маусыммен салыстырғанда 47%-ға ұлғайып, рекордтық 13,4 млн тоннаға жетті. Бір мезгілде экспортты қолдау Қазақстанда бидай бағасының өсуін ынталандырды, оның құны тоннасына 60-70 мың теңгеден 85-95 мың теңгеге дейін өсті.