14:53 Астық

Астанада 175 млрд теңгеге астықты терең өңдеу кешені салынуда

Астанада құны 175,7 млрд теңге болатын «Kazak Protein» ЖШС астық және бұршақ дақылдарын терең өңдеу бойынша интеграцияланған агроөнеркәсіптік кешен салу жобасы іске асырылуда. Жобалық қуатқа шыққаннан кейін кәсіпорын жылына 250 мың тонна бидай мен 80 мың тонна бұршақ өңдей алады. Бұл туралы Қазақстанның Даму банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жобаны қаржыландыру бастамашының жеке қаражаты және ҚДБ қарызының есебінен жүзеге асырылады. ҚДБ мен Kazak Protein несие желісін ашу туралы келісімге қол қойды. Бұл ретте жобаға «Даму» қорының кепілдігі қосымша қолдау көрсетеді. Банк қаражаты жабдықты сатып алуға және монтаждауға бағытталатын болады.

Кешен өнімдері ішкі нарыққа да, экспортқа да бағдарланатын болады. Экспорттық түсім жыл сайын 100 млрд теңгеден асады деп күтілуде, бұл Қазақстанның өңделген агроөнімдердің халықаралық нарықтарындағы орнын айтарлықтай нығайтуға мүмкіндік береді.

Жобаны іске асыру негізгі позициялар бойынша импортты толығымен алмастыруды қамтамасыз етеді: лизин, модификацияланған бидай крахмалы, бұршақ ақуызының изоляты және бұршақ крахмалы бойынша 100%.

Кәсіпорында жасанды интеллект пен биотехнология элементтерін қоса алғанда, заманауи технологиялық шешімдер енгізілетін болады, бұл өндірістік процестердің тиімділігін арттыруға, шикізат шығындарын азайтуға және халықаралық стандарттарға сәйкес келетін өнімнің тұрақты сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Kazak Protein» ЖШС өндірісі - бұл өңірдің экономикасы үшін ұзақ мерзімді мультипликативтік әсерді қамтамасыз ететін және Орталық Азияда терең өңдеудің жаңа стандарттарын жасайтын, бұл ретте АҚШ нарығына шығуды қоса алғанда, жаңа экспорттық мүмкіндіктерді ашатын жоғары технологиялық актив», - деп атап өтті ҚДБ басқарма төрағасы Марат Елібаев.

Естеріңізге сала кетейік, кешеннің құрылысы 2028 жылға дейін аяқталады деп күтілуде. Жоба екі кезеңде жүзеге асырылуда: 2027 жылы бидайды терең өңдеуді, ал 2028 жылы - бұршақ дақылдарын өңдеуді іске қосу жоспарлануда.