Қазақстан 12 млн тонна астық пен ұн экспорттады
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының деректері бойынша, 2025 жылғы қыркүйектен бастап 2026 жылғы мамырға дейін Қазақстан астық баламасында 12,2 млн тонна астық пен ұн экспорттады, бұл өткен маусымның ұқсас кезеңімен салыстырғанда 13%-ға артық. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.
Экспорттық жеткізілімдердің негізгі өсімін Орталық Азия мен Ауғанстанның дәстүрлі нарықтары қамтамасыз етті. Атап айтқанда, Өзбекстанға жеткізілім 38%-ға - 3,6 млн тоннадан 5 млн тоннаға дейін, Қырғызстанға - 1,5 есе, 312 мың тоннадан 474 мың тоннаға дейін, Ауғанстанға - 58%-ға, 1,3 млн тоннадан 2 млн тоннаға дейін өсті.
Түрікменстанға экспорт 197 мың тоннаны құрады, бұл жеткізілім көлемі 137 мың тоннаны құраған былтырғы жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткішінен 44%-ға артық.
Ауыл шаруашылығы министрлігі жүк тасымалының оң динамикасы қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдеріне деген жоғары сұранысты және оңтүстік бағыттағы логистикалық дәліздердің тұрақты жұмысын растайтынын атап өтті.