02 октября 2020 Астық

ETS-те бидай бағасының тоннасы 90 мың теңгеге дейін өсті

30 қыркүйек күні астық сатушы Triticum Aestivum L 3 сыныпты күздік бидайдың үлкен партиясын 30 қыркүйекте Еуразиялық сауда жүйесінде аукционға шығарды. Алайда,  1000 тонна сатып алатын адам болмаған еді.

1 қазанда сауда мәмілесі жасалды.Бұл күні астықтың бағасы жоғары болды – бір тоннасы 90 мың теңге болды. Келісім шарт саудаға шығарылған барлық көлемге жасалды (1000 тонна), сатып алушы 90 млн. теңге төледі.

Бірінші қазан күні қор биржасында басқа сауда жасалған жоқ.