Қазақстан астық пен ұн экспортын арттыруда
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен Қазақстан темір жолы компаниясының деректері бойынша 2020-2021 жылдың (2020 жылдың 1 шілдесі – 2021 жылдың 30 маусымы) 4 айында Қазақстан 2 млн 734 мың тонна астық пен астық эквивалентіндегі ұнды экспорттады. Оның ішінде экспортқа 1 млн 934 мың тонна бидай және 701 мың тонна астық ұны жөнелтілді. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады
Ведомствоның мәліметінше, өткен жылдың осындай кезеңінде Қазақстаннан 2 млн 617 мың тонна астық пен ұн жіберілген, оның ішінде 1 млн 624 мың тонна бидай және 628 мың тонна астықты ұн шығарылды.
2020-2021 маркетингтік жылдың 4 айында басқа дәнді дақылдардың (арпа, сұлы, жүгері, күріш, қарақұмық, тары және т.б.) экспорты 98 мың тоннаны құрады. Атап айтқанда, Иран 76 мың тонна қазақстандық арпаны импорттады.
Ауыл шаруашылығы министрлігі бидай мен бидай ұнының басым бөлігі биыл Орталық Азия елдеріне сатылғанын атап өтті: 1 млн 293 мың тонна Өзбекстанға, 406 мың тонна Тәжікстанға жөнелтілді. Қырғызстан мен Түркіменстанға сату көлемі біршама аз болды- 38 және 11 мың тонна.
1 шілдеден бастап Ауғанстанға шамамен 593 мың тонна, Қытайға – 194 мың тонна экспортталды.
Тақырыпқа байланысты оқу: Атамекен астық тиелген вагондардың кешігуі жайлы ақпарат жинауда
Сонымен қатар, қазақстандық ұнның Өзбекстанға экспорты төмендеуде. 2011/2012 жылы ӨҚ 1,3 млн тонна, 2015/2016 ж. - 843 мың тонна, 2019/2020 м. ж. - 345 мың тонна, ал 2020/2021 м. ж. 4 айында – барлығы 103 мың тонна ұн сатып алды.
Сондай-ақ, соңғы жылдары Грузияға астық пен ұн сатудың төмендегені байқалды, ол 2014 жылға дейін негізгі нарықтар қатарына кірген еді. Өткен маркетингтік жылы Қазақстан бұл елге бар болғаны 2,6 мың тонна астық пен ұн сатты, ал биыл Грузияға ешқандай астық жөнелтілген жоқ.
Соңғы жылдары қазақстандық ұнның сатылымы Ауғанстан мен Қытайға артып келеді.
Қазақстанға РФ-дан алатын астық импорты 166 мың тоннадан асты.
Транзитке қатысты ауыл шаруашылығы министрлігі 2020 жылдың шілдесінде Қазақстан аумағы арқылы басқа елдерге 17,4 мың тонна, тамыз айында- 32,8 мың тонна, қыркүйекте – 25,5 мың тонна, қазанда – шамамен 25 мың тонна астық тасымалдағанын нақтылады. Ең көп астық Қырғызстанға жіберілді, шамамен 42 мың тонна.
Бидай ұны транзитінің серпіні: шілде айында- 9,6 мың тонна, тамызда – 11 мың тонна, қыркүйекте – 8 мың, қазанда-12 мың тонна болды. Астықтың көп бөлігі -48 мың тонна Ауғанстанға жіберілді. Астық пен ұнның жалпы транзиті 160 мың тоннаны құрады.