Астық Транс ҚХР бағытында өтінімдер қабылдауды уақытша тоқтатты
«Астық Транс» АҚ шекарада вагондардың жиналуымен байланысты ҚХР бағытында астық тасымалдауға өтінімдерді қабылдау тоқтатыла тұрғанын хабарлады.
«ҚХР-ға астық тиелген вагондардың жіберілмеуі вагондарды шекарадан өткізудің нашарлығына және ҚХР-да 2021 жылдың 14 қаңтарынан бастап баяулауына байланысты, компания жағдайды қалпына келтіргенге дейін ҚХР бағытында жүк қабылдауды тоқтата тұру туралы шешім қабылдады», - деп хабарлады компания.
Естеріңізге сала кетейік, «Астық Транс» компаниясы теміржолмен астықты және басқа ауыл шаруашылық дақылдарын ел ішінде және экспортқа тасымалдауды жүзеге асырады.
Қытай тарапынан карантиндік шаралардың күшеюіне байланысты жүк вагондары екі айдан бері Қытай шекарасында жиналып, өте алмай тұр. Қазақстан ИИДМ мәліметтері бойынша Достық-Алашанькоу шекара бекетіндегі жүк пойыздары бір тәулікте кем дегенде 18 вагон болуы тиіс, алайда қазір орташа есеппен 8-12 бірліктен аспайды. Нәтижесінде, ҚХР бағытында жүк тиелген 7 мыңнан астам вагон күн сайын шекара асып өте алмай тоқтап қалуда.
Бұған дейін KTЖ-Жүк тасымалы бас директорының орынбасары Қанат Көбесовтың ElDala.kz тілшісіне берген сұхбатыда Қытайға жөнелтуге арналған Достық-Алашанькоу бекетінде 8 мың. вагонның тоқтап тұрғаны айтылған болатын. Оның 6 мыңы кестеден қалып тұр. Қорғас-Алтынкөл өткелінде 4 мың вагон жиналған, оның 3800-і кешігіп тұр.
Желтоқсан айында қазақстандық экспорттаушылар қытайлық серіктестерден өнімді жеткізу бойынша міндеттемелерді орындамауға байланысты айыппұл төлеу туралы ескерту ала бастады. Санкциялардың алдын алу үшін Қазақстан Республикасында шекарада жүктердің бос тұруы жағдайлары форс-мажорлық жағдай деп танылды.