Қазақстанға Омбыдан 100 вагон астық әкелінді
Алғашқы 7 мың тонна астық Ресей Федерациясының Омбы өлкесінен наурыз айында Қазақстан Республикасына жеткізілді, деп хабарлады Омбы облысындағы Ресейдің Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
Аталған хабарламада айтылғандай, «Сібір астығы» компаниясының өнімі Омбы-Чкалов бағыты бойынша теміржол арқылы жеткізілді.
Қазіргі уақытта «Сібір астығы» компаниясының өнімдерін негізгі импорттап алушы елдер Қазақстан мен Өзбекстан екендігі атап айтылды. Қазақстан Республикасына Омбыдан келесі жолы бидайдың 3 және 4 сұрыптарын жеткізу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, ҚР АШМ мәліметтері бойынша наурыздағы жағдай бойынша республикадағы астықтың экспорттық әлеуеті 3,1 млн. тонна болып табылады.