Құрық портында жаңа астық терминалы салынады
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы, «Құрық порты» ЖШС және «Kaspi Grain Way» ЖШС ақпан айында портта терминал салу туралы ынтымақтастық келісімге қол қойды. Бұл туралы ҚТЖ ҰК баспасөз қызметінде хабарлады.
«2522 тонна астық дақылдарын сақтай отырып, қуаттылығы жылына 1 млн тонна болатын терминалды іске қосу 2022 жылы жоспарланған. Терминал астық экспорты көлемінің Қазақстан - Иран / Кавказ аймағы елдері және одан әрі үшінші елдерге бағытында өсуін қамтамасыз етеді», - деп мәлімдеді ұлттық компания.
Тақырыпқа байланысты оқу: Қазақстандық компания Латвиядағы астық терминалын сатуда
Осы өңірде терминал салу көлік маршрутының бәсекеге қабілеттілігін жақсартады, жүк тасымалы артады, экспорттық әлеует ұлғаяды және Құрық порты арқылы жүк тасымалдау процесі жақсарады деп күтілуде.
Еске салып айтар болсақ, 2020 жылдың соңында Құрық порты мен Иранның Амирабад арасында жаңа паромдық желі іске қосылды.