Қазақстанда астық қоры 10 млн тоннаны құрайды
Ағымдағы жылдың 1 наурызындағы мәлімет бойынша Қазақстанда дәнді және бұршақ дақылдарының қоры бір айда 1 млн тоннаға азайып, 10 046 203 тоннаны құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлайды.
Аталған мәліметке сүйенсек, азық-түлік астығының қоры айдың басында 7,3 млн тонна болса, тұқым - 1,5 млн, жемге арналған астық - 1,2 млн тоннаны құрады.
Оның арасында бидай 7 957 490 тонна көлемінде сақталған: азық-түлікке арналған - 6,4 миллион тонна, тұқымға арналған қор - 1,2 млн тонна, мал азығына - 331,7 мың тонна.
Жүгері қоры 172 262 мың тонна (43,3 мың тонна - азық-түлік, 4 мың тонна - тұқым, 124,8 - жем), күріш - 308 022 тонна (280,2 мың тонна - азық-түлік, 27,8 мың тонна - тұқым), арпа - 1 348 550 тонна (454 мың тонна - азық-түлік, 222,6 - тұқым, 671,8 - жем) сақталған.
13,7 мың тонна қара бидай, 106,3 мың тонна сұлы, 18,4 мың тонна қарақұмық, 10,7 мың тонна тары, 30,7 мың тонна астық қоспалары бар.
Тақырыпқа байланысты оқу: Өнімдерді саудалайтын трейдерлер нарықтағы бағаны қыздырды
Астық қорының үлкен көлемі Ақмола облысында сақтаулы- 3,2 млн тонна, Солтүстік Қазақстан облысында - 2,18 млн тонна, Қостанайда - 2 млн тонна, Қарағанды облысында - 548,1 мың тонна және Шығыс Қазақстан облысында - 517,3 мың тонна сақталуда.