Қазақстанда жаппай егін егу мамыр айының ортасында басталады
ҚР-да негізгі астық егетін өңірлерде жаппай егін егу мамыр айының ортасында басталады. Бүгінгі таңда Алматы, Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстарында алқаптарды дайындап, егістік жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Ауыл шаруашылығым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, республиканың оңтүстік аймағындае 220 мың гектарға жуық дәнді және бұршақ дақылдары егілген, 30 мың га көкөніс, 11 мың гектардан астам картоп, 15,4 мың га бақша дақылдары егілген.
Егіс науқанын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы құрылымдарында 141,7 мың трактор, 4,3 мың жоғары өнімді егіске өажетті техника құралдары, 73,2 мың тұқым сепкіш, 221,2 мың топырақ өңдеу құралдары бар. Техниканы дайындау жұмыстары режимге сәйкес жүзеге асырылады. Егін егу жұмыстарын жүргізуге ехниканың дайындығы 100% құрайды.
Тақырыпқа байланысты оқу: Қазақстанда фермерлерге көктем мезгілі қолайлы болуда
Сондай-ақ, Ауыл шаруашылығы министрлігі 2021 жылғы көктемгі дала жұмыстарына (ақпан-маусым) Энергетика министрлігімен бірге 380 мың тонна арзандатылған дизель отынын жеткізу үшін аймақтарды мұнай өңдеу зауыттарына бекіту кестесі жасалғанын атап өтті. Сәуір айында мұнай өңдеу зауытының орташа нарықтық бағасы белгіленді - тоннасына 174 мың теңге немесе литріне 144 теңге. Операторлардың шығындарын ескере отырып, республикадағы фермерлер үшін жанар-жағар майдың орташа бағасы- литріне 165 теңгені құрайды (нарықтағы бағадан 10% арзан).
Облыстық әкімдіктердің мәліметтері бойынша бүгінгі күнге 2,4 млн тонна тұқым толтырылды, бұл жоспардың 100,4% құрайды. Сондай-ақ, фермерлер 136,2 мың тонна минералды тыңайтқыш алды. Субсидия беруге өтінімдерді жинау бойынша жұмыс жалғасуда.
Ағымдағы маусымда фермерлерді қаржыландыру үшін Аграрлық несие корпорациясына көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына 70 млрд теңге бюджеттік несие бөлінді. Қаржыландыру «Кең дала» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады.
Аграршылар үшін сыйақы мөлшері:
• банктік кепілдемемен тікелей несиелеу үшін жылдық мөлшерлеме -1,5% -дан аспайды;
• АӨК субъектілерін несие беретін серіктестіктер, 100% мемлекет қатысатын аймақтық инвестициялық орталықтар, микроқаржы ұйымдары арқылы қаржыландыруда жылдық мөлшерлеме -5% -дан аспайды;
• екінші деңгейлі банктер арқылы қаржыландыруда жылдық мөлшерлеме- 5% -дан аспайды.
Тақырыпқа байланысты оқу: 2021 жылы егістікке қандай мемлекеттік қолдау көрсетіледі
Сондай-ақ, шағын және орта деңгейдегі фермерлерді қолдау үшін Азық-түлік келісім шарт корпорациясы ауыл шаруашылық өнімдерін форвардтық сатып алуды жүзеге асырады. Ағымдағы маусымда 45,3 млрд. теңге сатып алу жоспарланған.