Қостанай облысында 2020 жылы егіс алқабы 5,2 млн гектар жер болады
Қостанай облысында 2020 жылы аграршылар 5,2 млн гектар жерге егін егеді деп жоспарлануда, ол былтырғы жылмен салыстырғанда бірдей көлем, деп жазды SveticH.info.
Жаздық егін 4,7 млн.га алқапқа себілу жоспарланған, сонымен қатар 3,9 млн.га жерге дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар егілетін болады.
Мал азығына қажетті дақылдар 171,8 мың га жерге егіледі.
Облыстың көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге 71 мың тонна көлемінде жеңілдетілген түрде дизель отыны бөлінді (сатылу бағасы 187 теңге/л).
Қостанай облысының әкімі Архимед Мухамбетовтың айтуынша, 2019 жылы Қостанай өңірінің агроөнеркәсіп кешені үшін қиын және ауа райы қолайсыз болды, ол ауыл шаруашылығына, жалпы облыс экономикасына әсер еткен.
«Биылғы жылы көктемгі егіс жұмыстарын дайындау мен жүргізуге бар күшімізді салып, барлық материалдық-техникалық, қаржылық мүмкіндіктерді дұрыс пайдалануымыз керек. Өсімдік шаруашылығындағы жағдайды 2020 жылы қалпына келтіру қажет, түсімді арттыру, өткен жылмен салыстырғанда жоғары көрсеткішке жеткізу керек. Сонымен қатар астық, ет, сүт бойынша экспорт көлемін арттыруға тиіспіз», — деді Архимед Мухамбетов.
Аймақ басшысының айтқанындай, жалпы ауыл шаруашылық саласында инновациялық технологияларды енгізу, егіс алқаптарының құрылымын жетілдіру, минералды тыңайтқыштарды енгізу көлемін арттыру, машина-трактор паркін жаңартуға байланысты жұмыстарды одан әрі жалғастыру қажет.